2001 ж. - мектеп алғаш рет облыстық байқауда 1 орынды және "Білім ұясы" атты Республикалық байқауда 3 орынды иеленді.
2006 ж.- Республикалық байқауға ұсынылған мектеп-интернат материалдары ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2007 ж. - мектеп "Шығыс Қазақстан облысының үздік интернаты" атағына ие болып, облыс Әкімінің 150.000 теңге ақшалай сыйақысымен марапатталды.
2011 ж. - ҚР БҒМ "Үздік интернаттық ұйым" атты Республикалық байқауда 2 орынды иеленді.
2015 ж. Шығыс Қазақстан облысы білім Басқармасының "2015 жылдың Үздік мектеп-интернаты" атты номинациясы бойынша «Гран-при» атағының иегері атанды.
2015 ж.-ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің "Мектеп-интернаттағы үздік спорт алаңы" атты Республикалық байқауда 1 орын алды.
2014 жылы оқуда, спортта, шығармашылықта қол жеткізген жетістіктері үшін 7 оқушымыз Шығыс Қазақстан облысының Әкімі Б.М. Сапарбаевтың арнайы шақыртуымен "Шығыс Қазақстанның дарынды балалары" атты форумына барып қайтты. Олардың есімдері "Шығыстың дарынды балалары" кітабына енгізілді.