Семей облыстық депутаттар Кеңесінің 1977 жылғы 31.03.33 шешіміне негізіделіп «мектеп-интернаттар желісін кеңейту» мақсатында 1978 жылы Семей қаласында сыйымдылығы 100 оқушыға арналған «№4 арнайы мектеп-интернаты» ашылды. Біздің тәрбиеленушілердің географиясы, сол кезден бастап Семей және Павлодар облыстарының барлық қалалары мен аудандарына таныс болды.
Осы жылдар арасында басқарған мектеп басшылары Кураева М.Н., Абрамова И.М., Лукин В.М., Шакабаев М.Н. атты көшбасшылардың әрқайсысы мектеп-интернаттың имиджын қалыптастыруы мен дамуына баға жетпес үлес қосты.
2005-2015 жылдар аралығында «Біздің мектептің ертеңгі күні» атты бағдарламасын жүзеге асыру үшін білім ордасы оқу-әдістемелік құралдармен, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған дыбыс күшейткіш аппараттарымен толықтырылып, материалдық-техникалық базасы нығайтылды.
2009 жылдан бастап 0 сынып мектепалды даярлық тобына есту қабілеті бұзылған балалар қабылдана басталды. 2019 жылдан бастап қазақ сыныбы ашылды.
Жыл сайын мектептің материалдық базасы толықтырылып келеді. Абай Құнанбайұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиет кабинеті, А.С. Пушкин атындағы орыс тілі мен әдебиет кабинеті, «Мәңгілік ел» атындағы тарих кабинеті, заманауи бағытындағы биология кабинеті, ырғақтық би және музыка пәнін жүргізетін пәндік кабинеттер ашылды.
2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы білім Басқармасының бұйрығының негізінде есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кохлеарлы имплантты) балалар үшін ресурсты кеңес беру орталығы құрылды. Арнайы білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары кәсіби біліктілігі жоғары, тәжірбиелері мол дефектолог мамандардан кеңес алуға мүмкіндіктері алады.
Білікті мамандардың қажымас еңбектерінің арқасында қазіргі таңда оқушыларымыздың арасынан 3 (үш) кохлеарлы-имплантты оқушы және 1 (бір) нашар еститін оқушы жалпы білім беру мектептерінде өз білімдерін жалғастыруда.
2001 жылдан бастап оқушыларымызға саналы, өнегелі тәрбие үрдісін ұйымдастыру мақсатында "Балалық шақ экологиясы" атты бағдарлама жүзеге асуда. Бағдарламаның басты мақсаты- мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамда қалыптасуына, шығармашылық арқылы әлеуметтенуіне, өз ойын, көзқарасын білдіре алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу .