ШҚО ББ қарасты Семей қаласы «№4 арнайы мектеп - интернаты» КММ оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің «Біртуар нар тұлғасы қазағымның Мұхтары» атты пән апталығы өтті.
Пән апталығы қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына арналды. Оқушыларымыз апталықты салтанатты түрде үш тілде ашып, өткізді.
Жазушының шығармашылық өмірі туралы қабырға газетін үш тілде таныстырды. Оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы дайындалған сұрақтарға қызыға жауап берді. Оқушыларымыз жазушы туралы видео ақпаратты ағылшын тілінде дайындап, барша қауымға ұсынды.
Пән мұғалімдері өз тәжірбиелерімен бөлісу мақсатында бекітілген кестеге сәйкес ашық сабақтарын өткізді.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін пәндер олимпиадасы салтанатты түрде ашылды. Мұғалімдер оқушылардың білім сапасын арттыру мен тексеру мақсатында қазақ тілі, орыс тілі мен ағылшын тілі бойынша пәндік олимпиада ұйымдастырды.
Пәндер олимпиада қортындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар грамоталармен марапатталды.
Пән апталығында оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын қорғады. Бұл шараны ұйымдастырудың басты мақсаты - оқушылардың шығармашылық ізденіс қабілеттерін дамыту, таңдаған ізденіс тақырыбы бойынша жұмыс жүйесін жоспарлай білуге үйрету, жүктеген жауапкершілікті саналы түрде сезіну, өз ойын, пікірін жүйелі түрде жеткізе білуге бағыттау, тілдік және сөздік қорын байыту, сауатты, мәдениетті сөйлеу әдебін қалыптастыру болып табылады.
Жобаның тұсауын 4 сынып оқушысы Қанатұлы Нұрислам ашты. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген тақырыбы бойынша ізденген жобасын қорғады. Ғылыми жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Каримова Маржан Жұмабекқызы. Жобаның қортындысы бойынша Қанатұлы Нұрислам жүлделі 1-орынды жеңіп алды.
Психология пәні бойынша қазіргі қоғамда өте өзекті тақырыптардың бірі болып табылатын ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы мәселені 9 сынып оқушысы Колесниченко Никита «Положительное и негативное влияние интернета на психологическое состояние подростков» атты тақырыпта қозғады. Ғылыми жетекшісі: психолог-педагог маманы Ахаева Диляра Бауыржанқызы. Жобаның қортындысы бойынша Колесниченко Никита 2-орынмен марапатталды.
«Домбра – душа казахского народа» атты тақырыпта 4 сынып оқушысы Мұхаметкарим Марғұлан қорғады.
Ғылыми жетекшісі: Чадаева Дидар Серікболсыновна. Жобаның қортындысы бойынша Мұхаметкарим Марғұланға 3-орын бұйырды.
5 сынып оқушысы Амирова Бақытгүл ағылшын тілінде «My best friend - Моя подруга» атты ғылыми жобасын ұсынды. Ғылыми жетекшісі: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жазыбаева Сандуғаш Санатовна. Жобаның қортындысы бойынша 3-орынды алды.
«Мақал-мәтелдің маңызы» атты ізденіс жобасын 10 сынып оқушысы Слямбек Әділ ұсынды. Ғылыми жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Оразханова Айжан Бекенқызы. Әділ жобаға белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.
5 сынып оқушысы Бодовова Алтынжан «Косточка по рассказу Л.Н.Толстого» атты ізденіс жобасын барша жоба қатысушыларына таныстырды. Ғылыми жетекшісі: орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Омарова Гүлжан Мейрамхановна. Ал 8 сынып оқушысы Токтарханова Шырай орыс әдебиеті бойынша «Говорящие фамилии в пьесе Д. И. Фонвизина «Недоросль» атты жобаны қорғап шықты. Ғылыми жетекшісі: орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кабдулкакова Индира Турсынбековна. Бодовова Алтынжан мен Токтарханова Шырай жобаға белсенді қатысқаны үшін граматталармен марапатталды.
Коррекциялық ритмика пәні бойынша ғылыми жобаны 10 сынып оқушылары Кусаингазин Ерасыл мен Касембаева Амина қорғады. Жоба тақырыбы: «Элементы казахского танца». Ғылыми жетекшісі: Жакиянова Оралгүл Айтқалиқызы. Жоба зерттеушілері жобаға белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.