№4 арнайы мектеп-интернат оқушылары жыл сайын жаңа жыл қарсаңында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын облыс Әкімінің мерекелік шыршасына барып қайтты.
Облыс Әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков мырза мерекеге қатысушыларға өзінің ақ тілегін білдіріп, көтеріңкі көңіл күй тіледі.
Әр түрлі қызықты ойындар және ән мен бимен өрнектелген керемет мерекелік шашу біздің оқушыларымызға ерекше көңіл күй сыйлады.
Мереке соңында оқушылар сертификаттар мен түрлі тартымды сыйлықтармен марапатталды.