Абай облысының білім басқармасы М.Әуезовтың 125 жылдығына арналған «Қыр суреттері» атты облыстық фото/бейнероликтер байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты – оқушыларды Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, өлкетану туралы тұтас ұғымын қалыптастыру және жастардың зияткерлік, шығармашылық және эстетикалық потенциалын фото/бейнеөнер арқылы дамыту.
Абай облысы бойынша 0-11 сынып оқушылары арасынан байқауға 52 жұмыс ұсынылды. Жұмыстарды бағалау нәтижесі бойынша 1, 2, 3 дәрежелі фото/видео байқаудың жеңімпаздары анықталды.
5-11 сынып оқушылары арасында "Үздік фотосурет" номинациясы бойынша 1 орынды АО ББ «№4 арнайы мектеп интернат» КММ 9 сынып оқушысы Токтамысов Мансур иеленді. Құттықтаймыз!!!