Бүгін, мамыр айының 25 күні, 4ә сынып оқушылары үшін ерекше күн болды.
Оның ерекшелігі сол, кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміз, енді міне, қанаттары қатайып, білімнің негізі болатын бастауыш сыныппен қоштасты.
Бастауышым - бал бұлағым,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рақметімді жаудырамын!
«Аттандық балалық шақтан болашаққа» атты бастауыш сыныппен қоштасу кешінде оқушылар ұстаздарына деген алғысын өз өнерлері арқылы жеткізді.
Енді олар мектептегі өмірдің келесі баспалдағына оқу, білімді тереңдету, іздену жолына жетелейтін орта буынға аяқ басып отыр! Ендеше орта буындағы оқуларына сәт сапар тілейміз!