Школа-интернат №4

8 (7222) 36-07-79 inter_semey_4@mail.ru
Меню

Мұғалімдер мен тәрбиешілер арасында ұйымдастырылған «Ең үздік портфолио» байқауы

2020-2021 оқу жылына арналған оқу – тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес  2021 жылы 30 наурызда Әдістемелік кеңес мұғалімдер мен тәрбиешілер арасында «Ең үздік портфолио» байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты: педагогтардың кәсіби жетілуі мен құзыреттіліктерін ұштау, педагог жұмысының нәтижесін жүйелеу.

Міндеттері:

  • жаңашыл талаптарға сай мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби деңгейін көтеруді қолдау;
  • педагогтардың аналитикалық мәдениет сапасын көтеруге негіз болу;
  • әдістемелік, ізденіс, зерттеу белсенділік қабілеттерін марапаттау;
  • мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби деңгейіне өзіндік әділ баға беру дағдыларын қалыптастыру;
  • педагогтардың ғылыми-тәжрбиелік, әдістемелік, оқу-әдістемелік, тәрбиелік бағыттағы кәсіби жетістіктерін жүйелеу;
  • педагогтардың ең креативті, нәтижелі жұмыс тәжрбиесін анықтау.

Әдістемелік кеңес мүшелері мұғалімдер мен тәрбиешілердің 25 портфолиосын тексеріп қарап шықты.

  • әдістемелік ізденіс тақырыбы бағытында жүргізілген ізденіс жұмыстарының нәтижесі бойынша аналитикалық, шығармашылық деңгейі жоғары деп келесі ұстаздардың портфолиолары танылды: Ревенко Л.А., Каримова М.Ж., Танашанова М.Қ., Ильясова Д.С.
  • гуманитарлық пәндер мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі (жетекшісі Каримова М.Ж.) портфолионы рәсімдеуде қойылатын ережелерді қатаң ұстанатындығымен, портфолио мазмұнымен, біркелкі стилімен, бірлестіктікті айқындайтын эмблемасымен ерекшелене білді.
  • дефектолог мұғалімдері: Ревенко Л.А., Ильясова Д.С. және қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері: Каримова М.Ж., Танашанова М.Қ., атты шығармашыл педагогтардың портфолиоларын презентациялау ұсынылды.
20210330_104126-min
Блог руководителя
Солтабаев Арай Болатович
Директордың блогы
ШҚО білім Басқармасы «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ
SemStar арқылы әзірлеу