2021 жылы сәуірдің 19-23 аралығында дефектолог мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің апталығы ұйымдастырылды. Апталық «Мен естігім, сөйлегім келеді. Мені барлығы түсінгенін қалаймын!» деген ұранмен өтті.
Апталық мақсаты: «Есту мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» пәні бойынша нашар еститін оқушылармен өткен тақырыптарды пысықтау арқылы тыңдалым, оқылым, айтылым, тілдесім дағдыларын қалыптастыру.
Есту мен сөйлеу дағдыларын (жас ерекшеліктеріне сай есту қабілеті бұзылған балалардың толықтай және кешенді сөйлесім дағдыларын белсендіру курсын, дауыс ырғағын, айтылым кезіндегі көңіл-күй қалпын,) қалыптастыру бағытында жаңашыл дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді ұсынды.
Әдістемелік маңызы зор іс-шараға 1-5 сынып оқушылары штатты түрде, ал 6-10 сынып оқушылары қашықтықтан қатысты.
Апталық бағдарламасы мазмұнды болды. Музыкалық флешмоб пен апталықтың ашылу презентациясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 1, 2 «А» сыныбында тыныс алу мен дауыс ырғағымен жұмыс жүргізу жұмыстары, 2 «Ә», 3 сыныпта нейроартикуляция және «Дәмді» гимнастикасы, 5 сыныпта «Сөйлесім конструкторы», ал 4 сыныпта «Сәлем. Көңіл-күй әлемі» атты тіл мен есту дағдыларын дамытуға арналған дәстүрлі емес сабақ түрлері өткізілді.
6-10 сынып оқушылары үшін жаңылтпаштарды шебер оқу мен өлең жолдарын мәнерлеп оқу сайыстары жүргізілді.
Жоғарыда аталған өткен іс шаралар нашар еститін оқушылардың тілдік қорларын дамытып қана қоймай, белсенді тілдесім ортасын орнатып, өз ара тілдесім қарым-қатынасын нығайтуға негіз болды.
Апталық аясында өткен іс шаралар бойынша фотолар жинағынан тұратын тақырыптық буклет пен видеотүсірілімді мектеп-интернатының сайтынан тамашалай аласыздар.