Школа-интернат №4

8 (7222) 36-07-79 inter_semey_4@mail.ru
Меню

«Даланың дара ұстазы-Ыбырай»

    ШҚО ББ қарасты Семей қаласының «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ 2021-2022 оқу жылының оқу-тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес гуманитарлық пән бірлестігінің Тілдер мерекесі өтті. Тілдер мерекесі  қазақтың  аса көрнекті ағартушы-педагогы, ақын,  жазушы, алғашқы  мектеп ашқан  ұстаз, этнограф, фольклоршы Ыбырай Алтынсариннің 180-жыл толуына  арналды.

    Мерекенің мақсаты: Ыбырай атамыздың өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру, өскелең ұрпаққа тәрбиелік маңызы зор туындыларын дәріптеу.

    Мерекемізді Ыбырай атамыздың «Кел, балалар, оқылық!» атты үндеуімен оқушыларымыз ашты. Сонымен қатар тәрбиеленушілер  үш тілде Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқып, презентациялық көрсетілім арқылы ақынның өмірбаянынан ақпарат беріп, шығармашылық жолымен таныстырды.  

   Гуманитарлық  пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  мектебіміздің жоғары және орта буын оқушылары жазушының «Әке мен бала», «Бақша ағаштары» атты шығармаларын мектептің  сахнасында сомдап,  актерлік шеберліктерін көрсетті.  

   Мереке соңында мерекеге қатысушылар мен оқушылар қауымы Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» атты өлеңін қара дауысқа салып, хормен орындап берді.  

DSC_0274-min
DSC_0252-min
DSC_0254-min
DSC_0255-min
DSC_0263-min
DSC_0264-min
DSC_0265-min
DSC_0267-min
Блог руководителя
Солтабаев Арай Болатович
Директордың блогы
ШҚО білім Басқармасы «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ
SemStar арқылы әзірлеу