24.12.2021 жылы ШҚО ББ қарасты Семей қаласының «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ 2021-2022 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес мектебіміздің 5-10 сынып оқушылары Семей облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып қайтты. Саяхатты мектебіміздің гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұстаздары ұйымдастырды.
Саяхатқа барудың басты мақсаты: өскелең ұрпақты Семей елінің тарихымен таныстыру, еліне, жеріне деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту.
Музей экскурсоводы мектеп оқушыларын мұражайдағы тарихи маңызы зор деректермен, архивтік құжаттармен таныстырды. Семей аумағындағы әр мекеннің табиғат ерекшелігіне тоқталып, сол жерлерді мекендеген аңдарды, жануарлар мен құстарды көрсетті.
Рухани-мәдени орталыққа айналған еліміздің атақты Ұлы тұлғаларының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, тарихта алар орнын атап өтті.
Музей қызметкерлері оқушыларымызды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, қызықты ойындар мен байқаулар жүргізді, тәтті сыйлықтармен марапаттады.
Мектебіміздің ритмика пәнінің мұғалімі Жакиянова Оралгүл Айтқалиқызы мен ән пәнінің мұғалімі Чадаева Дидар Серікболсынқызы музей қызметкерлерінің құрметіне шағын концерттік номерлер ұсынды. Концерт жоғары деңгейде өтті, музей қызметкерлері оқушыларымыз бен ұстаздарға өз алғыстарын айтты.