28 желтоқсан күні кіші және жоғары сынып оқушыларына жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізілді. Аяз ата мен Ақшақар жыл символдарын яғни кішкентай бұқа мен жолбарысты әкелді, сонымен қатар қонаққа ертегі кейіпкерлері Бармалей мен крокадил Ко-Ко келді.
Мереке өте көңілді және қызықты болды. Балалар керемет ертегі әлеміне тап болды. Қысқы ертегіде жаңа жылдық әндер орындалды.
Аяз ата мен Ақшақарға балалар өздерінің дайындаған тақпақтары мен әндерін айтты.
Мереке соңында ҚСҚ балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
Сауда орталығы «Апрель», жеке кәсіпкер «Қайырханов» және ЖШС «Казполиграф» ұжымдарына жаңа жылдық сыйлықтарды ұсынғаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Жаңа жылды тойлау жоғары сынып оқушыларына арналған жастар би кешімен аяқталды. Барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа 2022 жылдарыңызбен құттықтаймыз!