Школа-интернат №4

8 (7222) 36-07-79 inter_semey_4@mail.ru
Меню

Мектеп визиткасы

АО ББ Семей қаласы «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ
ВИЗИТ КАРТОЧКАСЫ

Мекенжайы: 071409, Абай облысы, Семей қаласы, Баян Байгожина көшесі, 12  
Телефон: 8 (7222) 36-07-79, 32-61-64
Электрондық мекен жайы:

АО ББ Семей қаласы «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ 1978 жылы № 187-6  31.03.1977 жылы Семей облыстық еңбекшілер Кеңесінің  шешіміне сәйкес 29.07.1977 ж. 335-б бойынша Семей облысты еңбекшілер депутаттарының бұйрығының негізінде  құрылған. Білім мекемесі сыйымдылық жоспары бойынша 100 оқушыға арналған.

АО ББ Семей қаласы «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ басқармасы Абай облыстық Әкімдігі болып табылады.

Білім мекеменің  коррекциялық-білім үрдісі ҚР Конституциясының балалар құқығының Конвенциясы, ҚР «Білім туралы», ҚР «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық тұрғыдан қолдау», «Тіл туралы заңы», «ҚР балалар құқығы», «Кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, назардан тыс қалу мен қаңғырудың алдын алу» заңы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2020 жылға дейінгі ҚР білім дамыту Концепциясы, үздіксіз білім жүйесіндегі тәрбие Концепциясы атты регламентті құжаттар арқылы жүзеге асады.

Коррекциялық, оқыту мен тәрбиелеу жүйесін жүзеге асыру негізінде «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ нашар еститін оқушыларға сапал білім мен саналы тәрбие беруді, коррекциялық қолдау, көмек беруді көздеген. Сонымен қатар сапалы білім беру арқылы нашар еститін оқушылардың құқығын қорғау, қолдауды негізге алған.

Білім мекемесінің басты міндеттері: есту қабілеті бұзылған оқушылар мен жеткеншіктердің есту деңгейін негізге ала отырып, арнайы коррекциялық жұмыс бағыттарын тиімді қолдану арқылы есту қабілетін дамыту, қоғамға дайындау.

Мектеп-интернаттың басты мақсаты - нашар еститін оқушыларды тілдесім ортасымен қамту арқылы ғылымға баулу, арттыру, еститін  қоғамға әлеуметтендіру.  

Білім мекемесінің басты жұмысы оқу-әдістемелік және материалды базаны нығайту, білім сатысының барлық кезеңдерінде коррекциялық, оқу-тәрбие үрдісінің бірізділігін сақтауға бағытталған.

Жетіп жатқан жетістіктерге тоқталатын болсақ:

  • оқушылардың жетістіктерге жетуіне бағытталған эмоционалды жағымды коррекциялық-білім ортасы қалыптасқан ;
  • оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің барлық кезеңдерінде есту мен сөйлеу талаптары сақталған;
  •   білім беру мен коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда әр баланың жеке есту, сөйлеу деңгейі негізге алады;
  • оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру арқылы нашар еститін  оқушылардың шығармашылық қабілеттері анықталады;
  • ҚР білім ұйымдарында тәрбиелеу Концепциясына сәйкес «Балалық шақ экологиясы» атты мектеп бағдарламасы өз жалғасын табуда;
  • оқушыларды білім үрдісі кезінде психологиялық-медициналық- педагогикалық тұрғыдан қолдау мақсатында заманауи әдістер қолданылады, әр оқушыға арнайы жеке даму картасы жүргізіледі;
  • кохлеарлы-имплантты оқушыларға  есту мен сөйлеу белсенді оңалту жұмыстары жүргізіледі;
  • ата-аналар мектептің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысады, рухани құндылықтарымен нәрлендіретін тәрбиелік маңызы бар іс шаралар ұйымдастырылады.

Оқу-тәрбие үрдісі психологиялық-медициналық-  педагогикалық   комиссия  кеңесінің негізінде дифференциалды және жеке арнайы әдіс-тәсілдердің негізінде  жүзеге асады.

Оқушыларды мектепке қабылдау Шығыс Қазақстан облысы бойынша облыстық, қалалық, аудандық ПМПК қортындысы мен ата-ананың немесе заңды өкілетті тұлғаның өтінішінің  негізінде  мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты «Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды арнайы білім беру бағдарламасы бойынша  білім алуға арналған арнайы білім беру мекемесіне құжаттарды қабылдау және тіркеу»  және көрсетілген қажетті құжаттар бойынша қабылданады.

Мектеп-интернаттың жетістіктері мен мектеп тынысы жайлы «Спектр», «Вести» атты қалалық газеттер мен «ТВК-6», «Семей-Қазақстан» атты қалалық бұқаралық  телеарналар  құлақтандырып отырады.

Коррекциялық-білім үрдісінің нәтижесін түлектеріміздің қоғамда өз орнын тауып, жеке тұлға ретінде қалыптасуынан байқауға болады.

Мектеп-интернат түлектері жалпы негізгі  білім бағдарламасын табысты аяқтағанын растайтын мемлекеттік үлгідегі құжатты алады.  Көмекші бағдарлама бойынша білім алған түлектер бекітілген үлгідегі  куәлікті алады.

2011  жылдан бастап мектеп-интернат Семей қаласының «Көп салалы технологиялық колледж» бірлесе жұмыс атқарады.  Аталған колледжде мемлекеттік әлеуметтік бағдарлама бойынша инклюзивтті оқыту негізінде сурдотоптар (аспазшы, ПВМ операторы, тас қалаушы) ашылған. Жыл сайын мамандықты меңзеуге бағытталған  ортақ жоспар құрылады. Жоспарға сәйкес колледжде саяхат ұйымдастырылады, ата-аналар мен мектеп түлектерімен  кездесулер  өткізіледі.  

Мектеп оқушылары Алматы қаласының сервис колледжіне «Іс тігу өнеркәсібінің технологы», «Декоративті косметиканың дизайнер-модельері» атты мамандығы бойынша оқуға түседі. 1 түлегіміз Алматы қаласының полиграфия колледжін бітіріп, 1 түлегіміз Алматы қаласының «Политехникалық колледжіндегі «Есептеуіш техника мен бағдарламамен қамту. Техник» атты мамандықты аяқтады, 3 түлегіміз Семей қаласының  «Авицена» медициналық колледжін бітірді. Ибрагимов Ильнур атты түлегіміз  Новосібір мемлекеттік технологиялық университетінің әлеуметтік оңалту институтына қарасты колледжінде білім алып жатыр.

Мектеп қабырғасында алған білімдерінің нәтижесі ретінде  мектеп түлектеріміз  өз бетімен  оқуға түсіп, мамандық иелері атануда. Түлектердің 78%-ы колледждерде, ал 15%-ы кәсіби мектептерде (лицейлерде) білім алады, ал 7%-ы  жұмыс істейді.

Аталған білім мекемесіндегі коррекциялық, білім мен тәрбие жұмысының жүйесі оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алып қана қоймай, жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына, қоғамда яғни білім алуда,  шығармашылықта, спортта өз орнын табуына негіз болады.   

Педагогтар ұжымының басты жетістігі-кохлеарлы имплантты оқушылар ішінен 4 оқушы табысты оңалту жұмыстарының нәтижесінде жалпы орта білім беретін мектептерде білімдерін жалғастыруда.

Блог руководителя
Солтабаев Арай Болатович
Директордың блогы
ШҚО білім Басқармасы «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ
SemStar арқылы әзірлеу