Школа-интернат №4

8 (7222) 36-07-79 inter_semey_4@mail.ru
Меню

Мектеп туралы ақпарат

Осындай мектеп бар бізде!

1978 жылы Семей қаласында  100  оқушыға  арналған «№4  арнайы мектеп-интернаты» ашылды. Мектеп –интернат педагогтары мен оқушыларының басты ұраны «Мен сөйлегім келеді! Мені барлығы түсінгенім қалаймын!»

«№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ басты бағыты Мемлекеттік тіркеу Куәлігі, Жарғы  мен басқа да  мекеме құжаттарының негізінде жүзеге асады.

Мектеп-интернаттың Миссиясы.

ҚР Мемлекеттік білім стандартының негізінде  нашар еститін оқушыларды коррекциялық білім-тәрбие үрдісімен қамти отырып, жан-жақты әлеуметтендіру, жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы  жеке тұлға ретінде қоғамда қалыптасуына негіз болу.

Мектеп-интернаттың басты мақсаттары мен міндеттері:

Білім беру, тәрбиелеу, есту қабілеті бүзылған оқушыларға коррекциялық қолдау көрсету. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін  есту қабілеті бұзылған оқушылар мен жеткеншіктердің есту деңгейін негізге ала отырып, арнайы коррекциялық жұмыс бағыттарын тиімді қолдану арқылы есту қабілетін дамыту, қоғамға дайындау.

Мектеп-интернатта кімдер білім алады?

Аталған білім  ордасында Семей қаласы мен ШҚО аудандары бойынша есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кейіннен естімей қалған, кохлеарлы-имплантты балалар) білім алады.

 2009 жылдан бастап  0 сынып (мектепалды даярлық тобы) ашылды. Аталған сынып тобында мектепалды даярлық тобында білім алмаған есту қабілеті бұзылған балалар білім алады.

Мектеп-интернатқа қалай қабылдайды?

Мектебімізге балалар Мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына сәйкес  ПМПК ( психологиялық-медициналық- педагогикалық комиссия (ата-анасының заңды өкілетті тұлғалары мен ата-аналар ))  қортындысының негізінде  қабылданады. Балалар 5 (бес) жастан қабылданады.

«№4 арнайы мектеп-интернаты» қайда орналасқан?

Біздің мекенжайымыз: 071409, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Баян Байгожина 12 көшесі  (бұрыңғы Краснознаменная көшесі 12 үй,  Еткомбинат ауданы «Юбилейная» дүкені),  №41,20,6,3,13,44 автобустары қатынайды.

Қалай хабарласуға болады?

Байланыс телефондары: 8 (7222) 32-61-64 (вахта)
8 (7222) 36-07-79 (мұғалімдер бөлмесі)

Электронды пошта: inter_semey_4@mail.ru

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
Блог руководителя
Солтабаев Арай Болатович
Директордың блогы
ШҚО білім Басқармасы «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ
SemStar арқылы әзірлеу