Школа-интернат №4

8 (7222) 36-07-79 inter_semey_4@mail.ru
Меню

Білім алуды үйрен

Семей қаласы «№4 арнайы мектеп-интернат» кмм
нашар еститін оқушыларға үй тапсырмасын орындау үрдісін ұйымдастыру бойынша жаднама

№1 жаднама. «Есептіқалайшығарукерек?»:

1) тапсырманы мұқият оқы; егер есептің  мазмұны түсініксіз болса, қайтадан  оқы, ойлан; 
2) түсініксіз сөздерді анықта;
2) есептің шарты мен сұрақтарын қайтала; 
3) есептің шарты туралы не анықталды, нені табу керектігін ойлан; 
4) есептің сұрақтарына жауап беру үшін ең алдымен нені білу керектігін ойлан; 
5) есепті қай жоспармен шығаратыныңды ойлан; 
6) есептің шығару жолын тексер, жауабын жазып ал.

№2 жаднама. «Мәтінді көшіру ережесі»:

1) сөйлемді түсініп, есте сақтау үшін ең алдымен сөйлемді оқы үшін; 
2) сөйлемді есте сақтағаныңды тексеру үшін мәтінге қарамай сөйлемді қайтала; 
3) көшірілетінмәтіндегіорфограммалардыбелгіле; 
4) сөйлемдердіоқы;
5) сөздер мен тыныс белгілерді дауыстап айту арқылы жаз; 
6) жазғаныңды тексер: жазғаныңды оқы, буындарды белгіле, жазған сөйлеміңдегі орфограммаларды сыз, мәтіндегі әр орфограммамен тексер, тыныс белгілерін (нүкте, үтір, сұрақ, леп белгілері, сызықша, жақша, қос нүкте) тексер. 

№3 жаднама. «Өлеңдіқалайжаттаукерек?»:

1) өлеңді дауыстап оқы, өлеңді есте сақтау үшін оқитыныңды естен шығарма;
2) таныс емес сөздерді анықта;
3) екпін мен кідірісті сақтай отырып, өлеңді дауыстап оқы.
4) өлең оқыған кезде өлең ырғағын сақтауға тырыс; 
5) өлеңді үшінші рет дауыстап, мәнерлеп оқы; 
6) өлеңді 2-3 рет қарамай қайталап оқы, қажет болса өлеңнің мәтініне қарауға болады;
7) өлеңде сиапатталған оқиға мен көңіл-күйді көз алдыңа елестуге тырыс; 
8) 2–3 сағаттан кейін өлең мәтініне қарамай 2–3 рет қайтала; 
9) ертеңгі күні таңертең алдымен өлеңді оқы, сосын есте сақталуы бойынша өлеңді жатқа айт.

№4 жаднама. «Қазақ тілі, орыс тілі мен ағылшын тілі пәндері бойынша жаттығуларды орындау ережелері»:

1. Берілген жаттығу бойынша ережені қайталау. 
2. Жаттығу бойынша берілген тапсырманы оқу, осы тапсырмаға қай ережені қолдану керектігін ойлану.
3. Осы тапсырмаға ұқсас тапсырмаларды қарап шығу.
4. Жаттығу бойынша берілген тапсырманы орындау.
5. Орындалған жаттығуды тексеру.

Блог руководителя
Солтабаев Арай Болатович
Директордың блогы
ШҚО білім Басқармасы «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ
SemStar арқылы әзірлеу