АО ББ қарасты Семей қаласы «№4 арнайы мектеп - интернат» КММ оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің «Шәкәрім өсиеті-адалдық айнасы» атты пән апталығы өтті.
Пән апталығы қазақтың ақыны, философы, аудармашы, композиторы Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 165- жыл толуына арналды. Оқушыларымыз апталықты үш тілде өткізді.
Мектеп оқушылары видеосәлемдеме түрінде ақынның бірнеше өлеңдерін мәнерлеп оқыды, шығармашылық өмірі туралы қабырға газетін үш тілде таныстырды. Мектеп тәрбиеленушілері ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы дайындаған сұрақтарға қызыға жауап берді.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін пәндер олимпиадасы салтанатты түрде ашылды. Мұғалімдер оқушылардың білім сапасын арттыру мен тексеру мақсатында қазақ тілі, орыс тілі мен ағылшын тілі бойынша пәндік олимпиада ұйымдастырды.
Пәндер олимпиада қортындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар грамоталармен марапатталды.
Үш тілдік саясатты ұстану мен үш тілді меңгеру сапасын тексеру мақсатында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді кұрметте!» атты тілдер полиглоты ұйымдастырылды. Полиглот тілдер сайысы бірнеше турды қамтыды, ортаңғы және жоғары буын оқушыларынан жиналған екі топ үш тілде викториналық сұрақтарға қызыға жауап берді, мақалдарды жарыса айтып, танымал ақындар мен жазушылардың шығармаларын атап жарыты, грамматикалық сауаттылықтарын да көрсетіп үлгерді.
Сайыс қортындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, құрметті грамоталарымен марпатталды.